Атбасарда футбол жарысы кезінде 58 жастағы ойыншы көз жұмды
Ақмола облысының Атбасар қаласында аймақтық жарыс кезінде 58 жастағы футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды 24KZ.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1968 жылы туған ер адамның қайтыс болғаны Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелген.
1968 жылы туған ер адамның қайтыс болғаны Атбасар аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрекке қатысты ақау себеп болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады, – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға командалық кездесу кезінде болған. Ер адам сол уақытта өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Жарысты Атбасар қаласының жергілікті әкімдігі ұйымдастырған.