Қазақстанда 24 қылмыстық топ жойылып, 169 адам ұсталды

@knbgov_kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен жүргізген ауқымды арнайы операциялар нәтижесінде елімізде 24 қылмыстық топтың жолы кесіліп, 169-дан астам адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері республиканың бірқатар өңірінде қылмыстық топ мүшелері бопсалау, адам ұрлау және қаруды заңсыз сақтау сияқты ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен қолға түскен. Қолға түскендердің арасында қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.

Тексеру барысында шекара маңындағы аумақтарда, сондай-ақ өнеркәсіп пен қоршаған ортаны қорғау салаларында әрекет еткен заңсыз кіріс көздері мен қылмыстық схемалар анықталып, жойылды. Аталған деректер бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз: