ЖИ камера тіркеген жол апаты: Астана – Қарағанды тасжолында көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 51-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатын жасанды интеллект элементтері бар камералар тіркеген, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, Астана қаласы бағытында келе жатқан Mercedes көлігінің жүргізушісі басып озу кезінде бір бағытта қозғалып бара жатқан «Газельмен» соқтығысқан.

Соққыдан «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Автокөлік жол жиегінде аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты.

Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: