Шымкентте қоғамдық тамақтану орнынан өрт шықты

depositphotos.com

Шымкентте қоғамдық тамақтану орынында шыққан өрт сөндіріліп, құтқарушылар өрт аумағынан газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді, деп хабарлайды  «24KZ». Абай ауданындағы Асар шағынауданында орналасқан бір қабатты ғимаратта болған төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың барлық аумағын ашық жалын шарпығанын анықтады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде тілсіз жау 50 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен жойылды. Мамандардың дер кезіндегі әрекеті қайғылы жағдай мен жарылыстың алдын алды.

Сондай-ақ оқыңыз: