Жезқазғанда полициядан қашпақ болған мас жүргізуші 35 тәулікке қамалды

Фото: ЖИ арқылы жасалған

Жезқазғанда полиция талабына бағынбай, көлікпен қашпақ болған мас жүргізуші 35 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда 20 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан із суытпақ болған.

Полицейлер оны көп ұзамай ұстады. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны, көлік басқару құқығы жоқ екені және бұл құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды.

Сот шешімімен азамат 35 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз: