Қарағандыда мас күйде автобус тізгіндеген жүргізуші ұсталды

фото: кадрдан

Қарағандыда жолаушылар автобусын мас күйде басқарған 41 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Құқық бұзушылық полиция қызметкерлерінің жаяу жүргіншіге жол бермеу дерегін тексеруі кезінде белгілі болды.

Полицейлер Назарбаев даңғылында №29 бағыттағы автобустың жаяу жүргіншіге жол бермегенін байқаған. Осыдан кейін автобусты тоқтатып, жүргізушіні тексерген. Медициналық тексеру оның мас күйде болғанын растады.

Оқиғаға байланысты жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Сот оны 15 тәулікке қамауға алып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыруы мүмкін.

Полиция мас күйде көлік жүргізу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: