Қызылордадағы мұнай зауытында 60 тонналық екі резервуар өртенді
Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Сыйымдылығы 60 тонналық екі резервуар отқа оранды.
Оларда 120 тонна мұнай өнімі болған. Жалын көршілес резервуарларға да қауіп төндірді. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында оттың өршуіне жол берілмеді. Өртті сөндіруге арнайы көбік шашатын құрылғылар мен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.
Жасұлан Түйменов, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
- Қазіргі уақытта тергеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептерін анықтау мақсатында өрт-техникалық зертханасы тағайындалды.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 18 техника және 60 жеке құрам жұмылдырылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру пойызының 10 қызметкері тартылды.