Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурда сақтайды

Сауд Арабиясы мұнайын Сингапурдың жерасты қоймаларында сақтайды. Стратегиялық қор келер жылдың екінші жартысынан бастап аралдағы Джуронг аумағында орналастырылады, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы екі елдің энергетика министрліктері мәлімдеді. Бірлескен бастама энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, дағдарыс кезінде Оңтүстік-Шығыс Азияға мұнай жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АСЕАН елдеріне Жапония және Оңтүстік Кореяның қолдауымен осындай жүйе құруды ұсынған еді. Жоспарға сәйкес Токио мен Сеул Таяу Шығыстағы мұнай экспорттаушыларға өз қоймаларын жалға береді. Сәйкесінше, дағдарыс кезінде сол қорды сатып алу құқығына ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз: