ҰҚК Ербол Махметовтің ұсталғанын хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды «24KZ» Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат пен тергеудің мән-жайы жария етуге жатпайды. Қазіргі таңда қажетті жедел-тексеру шаралары жалғасуда.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде аталмыш лауазымды тұлғаның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.