Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты

фото: mgorod.kz

Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасына жасалған қанды қырғыннан аман қалған жалғыз адам – Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен қайта қауышты, деп хабарлайды 24KZ «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында болған. Соның салдарынан Ақбаянның ата-анасы, ағасы мен әпкесі қаза тапты. Адам өлтіру ісі бойынша оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сарсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қазір Ақбаян туыстарының қарауында болып, қалпына келу процесін жалғастырып жатыр. Жақындарының айтуынша, оның жағдайы жақсы. Ол оңалту шараларынан өтіп, біртіндеп қалыпты өмірге оралуға талпынып жүр.

Бүгін Ақбаян балаларымен кездесті. Бұл оның басынан өткерген қасіреттен кейінгі оңалу жолындағы маңызды кезең болды. Туыстарының айтуынша, балаларымен араласуы оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп жатыр.

Қазір Ақбаян өзін жақсы сезінеді. Алайда толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Ем мен оңалту шараларын жалғастырып жатырмыз. Мұндай жағдайдан кейін адамның қалыпты өмірге оралуы оңай емес. Сондықтан жақындарының қолдауы өте маңызды, – деді туыстары.

Сонымен қатар Ақбаянға ата-анасы, ағасы мен әпкесінің қайтыс болғаны әзірге айтылған жоқ. Туыстары бұл ақпарат оның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Қайғылы жағдайды оған қашан және қалай жеткізу керектігін оның жағдайы одан әрі жақсарғаннан кейін шешпек.

Қазір Ақбаян туыстарының бірінің үйінде тұрып жатыр. Оның басты тілегі – балаларымен бірге болу және алдағы уақытта олармен бір шаңырақ астында өмір сүру. Отбасы баспана сатып алуға «Харекет» қайырымдылық қорының көмегіне де үміт артып отыр.

Туыстары Ақбаянның емделуі мен оңалуына қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Олар оның толықтай қалпына келіп, балаларымен бірге жаңа өмір бастайтынына сенеді.

Сондай-ақ оқыңыз: