Түркістан облысында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азамат ұсталды

POLISIA.KZ

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында рейд кезінде браконьерлер ұсталып, 260 келіден астам заңсыз балық тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».

Полиция мен балық инспекциясы өкілдерінің бірлескен рейді барысында қайық пен тор арқылы кәсіп жүргізген екі күдікті анықталды. Олардан 264 келі әртүрлі балық, қайық және балық аулау құралдары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары су биоресурстарын заңсыз өндіруге қарсы рейділердің жалғасатынын мәлімдеп, азаматтарды табиғат пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: