Үндістан портында қазақстандық теңізші бар кеме ұсталды
Үндістан Республикасының Парадип портында экипаж құрамында Қазақстан азаматы бар MT UNITY танкері ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кемені ұстау кезінде оның бортында 23 теңізші болған. Кеменің ұсталуына оның иесінің жергілікті жанармай жеткізушісі алдындағы қаржылық берешегі себеп болған.
Қазақстандық дипломаттар отандасымызды елге қайтару үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Осыған байланысты Үндістан Сыртқы істер министрлігіне мәселені шешуге жәрдем көрсету туралы дипломатиялық нота жолданды.
Қазақстан азаматы да, оның отбасы мүшелері де Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап жүгінбеген.
Мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз