Қазақ құрамасын ерекше таныстырған қырғызстандық тележүргізуші сыйға алған көлігін көрсетті
Қырғызстандық тележүргізуші Айзада Жамгырчиева Қазақстан «Көкпар» федерациясының президенті Айдарбек Ходжаназаров сыйға тартқан жаңа Changan көлігін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған дейін Айзада Жамгырчиева VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасын ерекше эмоциямен таныстырған еді. Сол сәттен кейін Ходжаназаров жүргізушіге көлік сыйлайтынын айтып, уәде берген.
Уәде орындалып, Айзада жаңа көлігін алды. Тележүргізуші сыйлықты көрсетіп, қазақ халқына алғысын білдірді.
Кейде бір сыйлықтың артында мың сөзге татитын мағына жатады. Бауырлас қазақ елі, бүгін сендер мені жай ғана қуантып қойған жоқсыңдар – жүрегімді жылыттыңдар. Уәделеріңде тұрып, көрсеткен сый-құрметтерің үшін шын жүрегіммен алғыс айтамын. Қазақ-қырғыз бауырластығы мәңгі жасасын!, - деп жазды қырғызстандық тележүргізуші.