Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстанда күші 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттың кіндігі елдің Ош аймағындағы Қызыл ешме елді мекенінде 18 шақырым тереңдікте орналасты.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сондай-ақ осы жер сілкінісі көршілес Өзбекстанның Андижан, Наманган және Ферғана облыстарында сезілген.