Алматыда самокат мінген адам құлап, мерт болды
Алматыда электросамокат мінген адам асфальтқа құлап, мерт болды. 54 жастағы ер адам қос дөңгелекті көліктің жылдамдығын сағатына 90 шақырымнан асырған.
Кейін самокатты басқара алмай қалған. Бақылау камералары мен басқа көліктерден түсірілген видеодан ер адамның асфальтқа құлағанын байқауға болады. Соққының қатты болғаны сонша, басындағы қорғаныш дулығасы ұшып кеткен. Жалпы биыл Алматыда самокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 96 адам жарақаттанды.