Түркістан облысында жол апатынан 27 және 19 жастағы екі адам қаза тапты

ЖИ

Түркістан облысында Төлеби және Сайрам аудандарының шекарасында болған жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол талғамайтын көлік қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ВАЗ жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы - 27 және 19 жастағы жастар оқиға орнында қаза тапты. Ал ВАЗ-дың тағы бір жолаушысы ауыр халде, аудандық ауруханаға жеткізілді. Қатты соққыдан екі көлік те жарамсыз күйге түсіп, жол жиегіне шығарылды.

Жергілікті тұрғындар мен куәгерлер бұл жол учаскесі жылдамдықты шамадан тыс асыру және қауіпті басып озу әрекеттерінің салдарынан аса қауіпті екенін айтады. Сонымен қатар, сол маңда камералар мен жылдамдықты шектеу құрылғыларын орнату қажеттігін бірнеше рет көтергендерін атап өтті.

Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: