Ұлдана Мырзуанның қазасы: құрылыс салушыға қатысты тергеу қайта басталды

фото: кадрдан

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның ғимарат қаптамасының құлауынан қаза табуына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Іс аясында құрылыс салушыға қатысты тергеу қайта басталған, деп хабарлайды 24KZ.

2026 жылғы 24 қыркүйектегі сот отырысында сотталушының адвокаты Алтынбек Танқыбаев Жұманиязованың тұрғындармен ортақ чаттағы хат алмасуын жариялады.

Қорғаушының айтуынша, чатта тұрғындар үйдің жағдайын МИБ төрағасымен бірге талқылаған. Адвокат Жұманиязованың үйдің жай-күйіне және тұрғындардың пікіріне қызығушылық танытып, өз міндеттерін тиісінше атқарғанын айтты.

Сонымен қатар адвокат іс материалдарына басқа жәбірленушілердің қорғаушысы берген шағымды қосуды сұрады.

Осы шағымға сәйкес, үйді салушыға қатысты тергеу қайта басталған. Яғни оның кінәсі әлі анықталған жоқ, – деді адвокат.

Тараптардың пікірін тыңдаған судья Меруерт Абаева екі өтінішті де қанағаттандырып, құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосты.

Сондай-ақ оқыңыз: