Ақтау гарнизонындағы әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ Қазақстан Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
Оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.