Қазавиақұтқару экипажы шалғай елді мекеннен науқас әйелді облыс орталығына жеткізді
«Қазавиақұтқару» экипажы Екібастұз қаласынан Павлодар облыстық орталығына мамандандырылған шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқасты жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».
Әуе кемесінің бортына алынған науқас – әйел адам жедел түрде облыс орталығындағы тиісті медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол одан әрі тексеру мен ем қабылдау үшін білікті мамандардың бақылауына тапсырылды.
ТЖМ өкілдері атап өткендей, санитариялық авиация рейстері шалғай елді мекендердегі тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті қысқа мерзімде көрсетуге және адам өмірін аман алып қалуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.