Қызылорда облысында жаңа туған сәби тікұшақпен шұғыл ауруханаға жеткізілді

Фото: ТМЖ

Қызылорда облысында жаңа туған сәби ТЖМ авиациясының көмегімен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Арнайы санитарлық рейсті «Қазавиақұтқару» әуе кемесі орындады, деп хабарлайды «24KZ».

Тікұшақ «Қызылорда – Қазалы – Қызылорда» бағыты бойынша ұшып, сәбиді Қызылорда қаласына жеткізді.

Тасымалдау кезінде бортта экипаж мүшелерімен бірге медицина қызметкерлері болды. Мамандар сәби жол бойы қажетті медициналық бақылау мен сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Операция Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: