Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

ЖИ

Астанада Instagram мен TikTok арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізгендердің 124 миллионнан астам қаражаты тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қарсы жүйелі жұмыстарының нәтижесінде әлеуметтік желілерінде құмар ойындарды ұйымдастырған екі азаматтан заңсыз жолмен тапқан 124,8 миллион теңгеден астам ақша қаражаты өндіріліп алынды. Сот үкімі шыққаннан кейін қылмыстық жолмен таплған кірістерді мемлекет кірісіне өндіріп алу шаралары жүзеге асырылуда.

Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернет арқылы құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру ауыр қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын қатаң еске салады. Заңсыз ойын бизнесі арқылы табыс табу әрекеттері (соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы) заң бойынша қатаң жазаланады

Сондай-ақ оқыңыз: