Жанармайды заңсыз шығарудың алдын алу: 48 өткізу пунктінде бақылау күшейтілді

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

 Қазақстаннан жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алу бойынша полиция жұмысты күшейтті. Жыл басынан бері қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 537 фактісі анықталды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңсыз орнатылған қосымша бактардың жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асады.

Қазір ел аумағындағы 48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Әсіресе қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдарына ерекше назар аударылып отыр.

Мәселен, 2 қазанда Жамбыл облысында көршілес мемлекеттің азаматы басқарған жүк көлігі тексерілген. Көлікке рұқсатсыз көлемі 500 литр болатын қосымша жанармай багы орнатылғаны анықталды.

Көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз орнатылған бак алынып тасталды.

Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз шығарылуының жолын кесу бойынша бақылауды жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз: