Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Иранның үш азаматы сотталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

 Каспий теңізі арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Иранның үш азаматына сот үкімі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға биыл 24 шілдеде болған. Иран Ислам Республикасының үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасы шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Оларды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері ұстаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-1-бөлігімен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран азаматтарының үшеуі де кінәлі деп танылды. Оларға  Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: