Талдықорғанда TikTok эфирінде былапыт сөйлеген 27 жастағы әйелге айыппұл салынды
Талдықорғанда полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok-тағы тікелей эфирде былапыт сөз сөйлеген 27 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Эфирге қатысушының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын Маржан Бейсембекова болып шықты.
Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімі бойынша әлеуметтік желіде тәртіп бұзған әйелді «Ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.