Алматыда есірткі зертханаларын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы психотроптық заттарды заңсыз өндіру және өткізу, сондай-ақ қылмыстық топ ұйымдастыру фактілері бойынша жауапқа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу барысында күдіктінің Алматы қаласында және еліміздің басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен, оны өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені анықталды. Сонымен бірге ол 2021 жылдан бастап ақшалай қаражатқа мұқтаж адамдарды қылмыстық әрекетке тартып, олардың әрекеттерін Telegram мессенджері арқылы қашықтан басқарып отырған. 2024 жылы ұйымдастырушының нұсқауы бойынша Алматы қаласында бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған. Олардың бірінде психотроптық заттарды өндіру барысында екі қатысушы ауыр химиялық улануға ұшырап, қайтыс болған. Ал күдікті осыған қарамастан, топқа жаңа орындаушыларды тартып, қылмыстық әрекетін тоқтатпаған. 2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатты. Нарколабораториялардың бірін тінту кезінде 24 келіден астам химиялық заттар, жабдықтар, қорғанышқұралдары мен дайын өнімдер тәркіленді.
Күдікті 2025 жылдың шілдесінде Ресейде ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Оның мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төніп тұр.