32 млн теңгені қалтаға басқан: Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 7 жылға сотталды

Фото: depositphotos.com

Маңғыстау көпбейінді облыстық ауруханасының бас есепшісі бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық прокуратураның тексеруі кезінде ауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған.

Тергеу мәліметінше, бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет ақшасын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударған. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: