БҚО-да 251 млн теңге субсидия жымқырған күдікті ұсталды

Батыс Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті өзінің екі компаниясы арқылы инвестициялық субсидия алу үшін жалған құжат тапсырған. Ол Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдеу жүйелерін салуға кеткен қаржыны өтеуді сұрады. Алайда шығындарын растау үшін жалған төлем құжаттары мен орындалған жұмыстардың актілерін ұсынған. Соның негізінде күдікті серіктестіктерінің есеп-шоттарына жалпы сомасы 251 миллион теңге субсидия аударды. Бұл қаражат есебінен өзіне баспана сатып алды. Қазір мүлікке тыйым салынған. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есеп-шоттарына 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылды. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға аударылды. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынды. Сот рұқсатымен мүлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз: