Астанада балабақшада балаларды ұрған әйелге қатысты іс қозғалды

фото: ЖИ

Астанада балабақшада балаларға күш көрсеткен қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Полицияның мәліметінше, бейнежазба 2025 жылғы қазанда түсірілген. Тәрбиеленушілерді орындыққа байлап қойып, ұрған әйелдің жеке басы анықталды. Ол полиция департаментіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары да анықталған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: