Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде 11 жастағы оқушыны көлік қағып кетті

кадр бейнежазбадан

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды «24KZ».

Жол апаты Ақтау қаласындағы шағын аударындарының бірінде орын алған. Желіде тараған видеодан жолдан өтіп бара жатқан үш оқушының бірін Lada Priora көлігі қағып кеткені көрінеді.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту түскі сағат 13:48-де түскен. 11 жастағы балаға алғашқы көмек көрсетіліп, оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланды. Дәрігерлер балаға жабық бас-ми жарақаты және мидың шайқалуы диагнозын қойды. Бүгінгі таңда бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдауын жалғастыруда.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл оқиға бойынша 19 жастағы жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Жол жүру қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, - делінген ПД хабарламасында. 

Полицейлер жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайтуға және балаларға аса мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: