Қазақстанда заңсыз айналымнан 45 атыс қаруы тәркіленді

фото: ҰҚК

Қазан-қараша айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 45 бірлік атыс қаруы, 10 граната және 1 259 оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды «24KZ».

Атап айтқанда, тәркіленген қарулардың ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.

ҰҚК мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр