Қазақстан туризмді дамыту рейтингінде Орталық Азияда көш бастады

Фото: www.visualcapitalist.com/

Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалған елдердің әлемдік рейтингінде 110 мемлекеттің ішінде 56-орынға тұрақтады. Осы көрсеткішпен еліміз Орталық Азияда көш бастады, деп хабарлайды «24KZ» Visual Capitalist басылымына сілтеме жасап.

Басылым Дүниежүзілік экономикалық форумның 2026 жылғы Travel & Tourism Development Index рейтингісінің нәтижелерін жариялаған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан 7 балдық жүйемен 4,09 балл жинаған. Еліміздің көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға жақсарған.

Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан 76-орынға (3,69 балл), Қырғызстан 93-орынға (3,44 балл) жайғасқан. Ал Әзербайжан 58-орынды иеленді.

Әлемдік рейтингтің алғашқы үштігіне Жапония (5,27 балл), АҚШ (5,23 балл) және Испания (5,22 балл) енді. Үздік ондықта Еуропаның алты мемлекеті бар.

Айта кетейік, рейтинг туристер санын емес, елдердің туризмді дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай қалыптастырғанын бағалайды. Зерттеу қауіпсіздік, көлік және туристік инфрақұрылым, мемлекеттік саясат, табиғи және мәдени ресурстар, сондай-ақ тұрақты туризмді дамыту сияқты 17 бағытты қамтитын 102 көрсеткіш негізінде жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз: