Екібастұзда петардадан қолы күйіп қалған бала ауруханаға жеткізілді
- 248
- UPD: 22:50, 02.01.2021

Екібастұзда жарылған петарда баланың қолын күйдірді. Оқыс оқиға кеше болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
2008 жылы туған ер баланың жарылған петардадан зардап шеккені туралы хабарлама кеше сағат 14:20-да келіп түсті. Баланың қолын I дәрежелі күйік шалды. Зардап шеккен ер бала Екібастұздың қалалық ауруханасына жеткізілді.
Сондай-ақ Солнечный кентінде 2019 жылғы сәбидің қол саусақтары үсіген. Балғын қыз Екібастұздың қалалық ауруханасына жеткізілді.
Сонымен қатар Ертіс ауданында 1994 жылғы жігіт қол-аяғын үсіріп алған. Үсік 1-2 дәрежеде. Ол Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді.