Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Otyrar

Қостанай-Әулиекөл трассасының 10-шақырымында жол апаты болды.

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды kstnews.kz Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қаңтар күні сағат 19:40 шамасында Hyundai Solaris-ті жүргізіп келе жатқан 42 жастағы ер адам 27 жастағы жігіттің басқаруындағы Audi 100 көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Hyundai-дің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші дене жарақаттарын алған.

Audi-дің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Жүргізушінің 28 жастағы жұбайы ауыр халде. Ал Audi жүргізушісі ауруханада көз жұмды.