БҚО-да көктайғақтан болған жол апатынан бір адам мерт болды

БҚО-да көктайғақтан болған жол апатынан бір адам мерт болды
фото: azattyq-ruhy.kz

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы маңында «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан автокөлікте болған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Тағы бір жол-көлік оқиғасы Ақжайық ауданына қарасты Бітік ауылының маңында болды. Көктайғақ салдарынан жолдан тайып кеткен «Фольцфваген-Пассат» автокөлігінде болған 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Айта кету керек, қазір облыс аумағындағы жолдарда көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы қиындаған. «Сондықтан жолға шыққанда аса сақ болған жөн», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.