Петропавлда 22 жастағы келіншек үш жастағы қызын өлімші етіп сабап тастады

Қатты соққыдан бала тіпті есінен танып қалған. Бүлдіршінді дереу облыстық ауруханаға жеткізіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер оның ауыр дене жарақттарын алғанын айтады. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Азат Құсайынов, облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

– Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның бұл қадамға не үшін барғанын анықтап жатырмыз. Осыған дейін 22 жастағы келіншек құзырлы орындардың күдігіне ілікпеген.