419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды

  • 344
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен кішкентай бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 23 қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Атырау-Индер» жолында «Granta» мен «KIA RIO» көліктері соқтығысқан. Жол апатынан көлік жүргізушісінің бірі мен кішкентай бала көз жұмған. Көліктегі жолаушының бірі 18 жастағы бозбала ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болған еді.

Хабар 24 телеарнасы