Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
polisia.kz

25 қаңтар күні Ақтөбе-Астрахань тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.