Қостанай облысында жылқы құдыққа түсіп кеткен

Қостанай облысында жылқы құдыққа түсіп кеткен
Алау

Арқалықта құтқарушылар терең құдыққа түсіп кеткен жылқыны құтқарып қалды.

Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлайды.

Куәгер Арқалықтың төтенше жағдайлар бөліміне жылқының құдыққа түсіп кеткенін хабарлаған. Құтқару қызметінің өкілдері лезде оқиға орнына жеткен.

«Жылқы тереңдігі екі метрлік құдыққа түсіп кеткен. Әбден әлсізденіп қалыпты. Иесі де құтқара алмаған. Құтқарушылар жылқының мойнына арқан байлап тартқан. Оны шығаруға тұрғындар да көмектескен. Абырой болып, жануар зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады ведомстводағылар.