Елордада қойма өртенді

Елордада қойма өртенді

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоймалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығын туралы мәлімет әзірге жоқ. Қатар орналасқан екі қойманың бірінде от тұтанып, ішіндегі электр кабельдері мен төбені қымтайтын материал өртенген. 750 шаршы метр өртке оранғаны туралы ақпарат берілді. Қызыл жалынды өшіруге тиісті мекеменің алпыс екі маманы жұмылдырылды. Жапа жеккендер мен кісі шығыны жоқ. Өрттің неден шыққаны тексерілуде.