Саунада сайрандаған семейлік полицейлер жазаланды

Әлеуметтік желіні шулатқан полицейлер жауапкершілікке тартылды. Карантин талаптарын сақтамай, саунада демалған семейлік тәртіп сақшылары жазаланды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы мен бірқатар полицей міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамды бақылаусыз қалдырғаны үшін жұмысынан босатылды. Қызметінен қуылғандар санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әйгерім Нұрғазина, облыстық ПД Баспасөз хатшысы:

- Әлеуметтік желілерде таратылған фотосуреттерде Семей қаласының полиция басқармасының қызметкерлері рас екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын бастады.