Қостанайда жолаушылар автобусы соқтығысты

Қостанайда жолаушылар автобусы соқтығысты

Қостанайда екі жолаушылар автобусы соқтығысты.

Оқиға туралы ақпаратты Қостанай облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлады alau.kz.

«25 ақпан күні сағат 12:21-де «102» пультіне В.Интернационалист көшесіндегі дүкен маңында екі автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келді. 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Мерседес» маркалы №21 маршруттық автобус жылдамдықты дұрыс сақтамай алдында келе жатқан 58 жастағы жүргізушінің басқаруындағы №27 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел зардап шекті. Жол апаты фактісі бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналды», - деп хабарлады.