Талдықорғанда иіс тиюден екі адам көз жұмды

Талдықорғанда иіс тиюден екі адам көз жұмды

Талдықорғандағы жер үйлердің бірінен алпыстан асқан әйел мен отыз сегіз жастағы жігіттің мәйіті табылды.

Қазір аталған жағдайға байланысты тексеріс басталды. Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Марқұм болған анасы мен ұлына иіс тиюі мүмкін деген болжам жасалып отыр. Тағы екі бала ауыр халде, жасөспірімдер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оларға көрсетілген тиісті ем-дом шаралары нәтижесінде 2008 жылғы жеткіншектің денсаулығы жақсарып, бүгін палатаға ауыстырылды. Ал екінші бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 

Қайрат Оспанғалиев, облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

– 2013 жылы туған бала түскен кезде жағдайы өте нашар деп саналған. Аппаратпен тыныс алуға ауыстырылған. Бүгінгі күнге жалпы жағдайы өте ауыр деп саналған. Бір қалыпты. Керекті бәрі көмек көрсетіліп жатыр. Қабылдаған тиісті емдерді алып жатқан соң баланың жағдайы сәл жақсарып отыр.