Қарағандыда жүк көлігінің екі жүргізушісі қаза тапты

Қарағандыда жүк көлігінің екі жүргізушісі қаза тапты
фото: tengrinews.kz

Қарағандыда жөндеу барысында екі ер адам жүк көлігінің астында қалып қойды. Жүргізушілер сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Бытовая көшесіндегі жүк көлігі шина жөндеу орнында болған. Екі ер адам көлікті жөндеп, пневмо жастықшасын ауыстырып жатқан. Абайсызда көлік түсіп кетіп, жүргізушілерді басып қалған. Екеуі де сол жерде қайтыс болды.

«20 наурызда Қарағандыда Бытовая көшесіндегі жүк көліктерінің ашық тұрағында жөндеу жұмысын жүргізу кезінде екі ер адам көліктің астында қалып қойды. Жедел жәрдем олардың қайтыс болғанын растады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.