Павлодар облысының тасжолында 11 автокөлік соқтығысты

Павлодар облысының тасжолында 11 автокөлік соқтығысты

Павлодар облысында 11 автокөлік соқтығысып, жол апатынан алты адам зардап шекті, оның ішінде бес жасар бала бар, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 11:04-те 103 пультіне жол апаты туралы қоңырау түскен. Куәгер Қаракөл ауылының маңындағы Ленин – Ертіс – Русская Поляна автожолында 11 автомобильдің қатысуымен жол апаты болғанын, оның екеуі КамАЗ жүк көлігі екенін хабарлаған.

«Барлығы алты адамның зардап шеккені анықталды, олардың біреуі – бес жасар бала», - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақаттары, бас миының шайқалуы, түрлі сынықтар мен көгерулер бар төрт ересек адам жеткізілді. Сондай-ақ жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы анықталған бала әжесімен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.