Ақтауда онкодиспансер басшысы қызметін асыра пайдаланған

Ақтауда онкодиспансер басшысы қызметін асыра пайдаланған

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері басшысы қызметін асыра пайдаланғаны анықталды. Ол туған қызын лауазымды қызметке тағайындап, тәртіптік жазаға тартылған бірқатар қызметкерге мемлекеттік бюджеттен негізсіз сыйақы берген. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Диспансер басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде жалпы соммасы 2 млн 600 мың теңгені жұбайының атына тіркелген серіктестікке аударған. Кей келісімшарттың ресми құжаты да болмай шықты.

Антикор орталығының мамандары аталған заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырып, құзырлы органдарға жолдаған. Диспансер басшысы қатаң сөгіс алды.

Қуаныш Мырзағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мо бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Жоғарыда аталған заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алулар тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу фактімен жасалған. Мысалы, 2020 жылы шілде айында «Метака» ЖШС-мен жалпы сомасы 1 270 000 теңгені құрайтын дезинфекциялауға арналған тоннелm камерасы, температураны өлшейтін құрылғы осындай жолмен сатып алынған. Сондай-ақ былтырғы жылдың наурыз айында жалпы сомасы 4 млн теңгеден асатын конференцияларды ұйымдастыру бойынша және респираторлы шарт жасалмай сатып алыннған. Бұдан басқа талдау барысында диспансерде 2019 жылы жұмыскерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді сатып алу қағаз нұсқада жасалған мемлекеттік сатып алу құжаттары жоғалғаны анықталды. Бұл осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін куәландырады.