Қостанайда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 62 адам эвакуацияланды

Қостанайда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 62 адам эвакуацияланды
Данияр Сұлтанұлы

Бүгін Абай даңғылындағы тоғыз қабатты үй отқа оранды.

Қызыл жалын тұрмыстық қерек-жарақтар мен жиһаздар сақталған жетінші қабатта тұтанған, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. Кіреберісті қалың түтін басқандықтан, тұрғындар аздап үрейленген.

Оқиға орнында 27 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі және келтірілген зияны анықталып жатыр.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы