433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шұбаркөл маңында тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

  • 84
  • UPD: 16:58, 02.04.2021
Шұбаркөл маңында тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

Қарағанды облысы Шұбаркөл кентінің маңында Арқалық – Шұбаркөл учаскесінің Нұрдала – Дорожный аралығының теміржол өткелінде тепловоз бен КамАЗ соқтығысты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.

2021 жылғы 1 сәуірде 08:20-да Қостанай бөлімінің Арқалық – Шұбаркөл бір жолды учаскесінің Нұрдала – Дорожный аралығының күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде тепловоз бен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты.

«Учаске бойынша 60 км/сағ жылдамдықпен (бұл учаскеде орнатылған 70 км/сағ) жол жүріп келе жатқан локомотив машинисі теміржолға шығып кеткен автомобильді көрген. Алайда жүргізуші берілген сигналдарға жауап бермеген. Машинист жедел тежеуді басқан, бірақ қашықтықтың аздығына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. ЖКО нәтижесінде тепловоз рельстен шығып кетіп, бір бүйіріне аударылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол зақымданбаған. Оқиға пойыздардың кешігуіне әсер еткен жоқ», - деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғаның себебі көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы болды. Ол жақындап келе жатқан жылжымалы құрамның жоқтығына көз жеткізбей және бағдаршамның қызыл сигналын елемей, өткелге шыққан. Өткізу дабылы дұрыс жұмыс істеп тұрған.

Хабар 24 телеарнасы