Атырау облысында ауаға улы газ тарады

Атырау облысында ауаға улы газ тарады

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Теңіз кен орнындағы ірі мұржалардың бірінен улы-сарғыш түсті түтін шығып жатқан бейнежазба тарады.

Халықтың ашуын тудырған бұл оқиғаны облыстық экология департаменті растап отыр. Мамандардың айтуынша, кеше түскі 3-тер шамасында автоматты бұғаттағыш іске қосылып, кешенді технология желісіндегі С-511 қондырғысының жұмысы тоқтақтап қалған. Салдарынан улы газ ауаға тарапты. Қазір мәселенің мән-жайы тексеріліп жатыр.

Әлібек Бекмұхаметов, облыстық экология департаментінің басшысы:

– Атырау облысы бойынша экология департаменті осы оқиға бойынша қазір жоспардан тыс жұмыстарын тағайындап жатыр. Қабылдаған шаралар туралы қосымша хабарланады.