Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам жарақат алған

Маңғыстау облысында жол апатынан бес адам жарақат алған

Маңғыстау облысында 5 сәуірде «Toyota Camry» мен «ГАЗ-3309» көліктері соқтығысты.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлады инАктау.

Апат болған күні зардап шеккендердің екеуі бірден облыстық ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлердің қарауынан өткен соң үйлеріне жіберілді.

Ауруханаға түскендер ауыр жарақат алған. Екі жәбірленушіні де емдеу жалғасуда.