Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді

Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді

Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады.

Экипаж мүшелері катапульт жүйесін пайдаланып аман қалған. Қазір олардың денсаулығына қауіп жоқ. ҚР Әуе қорғаныс күштері баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай төтенше жағдай кеше кешкі оқу-жаттығу жұмыстары кезінде болған. Көпфункционалды СУ-30 СМ әскери ұшағы Балқаш қаласының маңындағы әскери авиациялық орынға қонуға беттеген кезде отқа оранған. Қазір бортта болған екі ұшқыш дәрігерлер бақылауында. Ал апат болған жерге арнайы комиссия жіберілді.